Түркістан облысы: Жетісай ауданында іскер әйелдер кеңесі өтті

Жиынға аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев, Түркістан облысының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Төлегенова, «Атамекен» ҰҚП Жетісай аудандық филалының директоры Талғат Бапаев, Түркістан облысының іскер әйелдер кеңесінің төрайымының орынбасары Нұржамал Маусова және ауданның бір топ іскер әйелдері қатысты. Басқосуда сөз алған аудан басшысы кәсіпкер әйелдердің экономикалық белсенділігін ынталандыру, әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту аясында сөз қозғап, көпшілікке Жетісай аудандық іскер әйелдер кеңесінің жаңа басшысын таныстырды. Аталған қызметті бұдан былай Назипа Алтаева атқаратын болады. 

Subscribe to this RSS feed